Никарагуада 15 босқын жол апатынан мерт болды

Никарагуада 15 босқын жол апатынан мерт болды

Коронавирус пандемиясынан кейін әлемде көші-қон қайта жандана бастады. Әсіресе саяси тұрақсыздық пен экономикалық дағдарыс жайлаған Орталық Америка, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен бас сауғалап қашқандар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біраз босқын діттеген жеріне жете алмай, ажал құшуда. Никарагуаның солтүстік-шығысында автобус апатқа ұшырап, 15 мигрант мерт болды. Полицияның хабарлауынша, құрбандар арасында бір жергілікті тұрғын бар, қалғаны – Венесуэла азаматтары. Тағы 47 адам жарақат алған. Үлкен жылдамдықпен жүрген автобус 2 көлікті соғып, жыраға түсіп кеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша 2017 жылдан бері Венесуэладан 6 миллион тұрғын үдере көшкен. Өйткені АҚШ салған санкциялардан кейін елдегі экономикалық және гуманитарлық жағдай ушығып тұр.

Марио Морено Гармендиа, куәгер:

Оқиға орнына көмектесу үшін бардық. Бірақ полиция жолатпады. Мұндай жол апаты көбіне жүргізушілердің абайсыздығынан болады. Бұл аймақ көлікпен жылдам жүру үшін өте қауіпті.