Әнші Шакира 8 жылға сотталуы мүмкін

Испания прокуратурасы танымал әнші Шакираны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ 23 миллион еуро айыппұл төлеуін талап етеді.

Айта кеткен жөн, Шакира «салықтан жалтарды» деп айыпталып отыр. Прокуратура мәліметіне сәйкес ол 2012-2014 жылдары 14 жарым миллион еуро салық төлемеген. Алайда колумбиялық әншінің қорғаушылары бұл аралықта ол Испанияда болмағанын айтады. Жергілікті заң бойынша адам жылына 183 күн Испанияда тұрса,оған автоматты түрде салық төлеуші мәртебесі беріледі. Бірақ Шакира көрсетілген уақытта негізінен Багам аралдарында тұрғанын алға тартады.

Сондай-ақ...