Испанияда заңсыз миграция екі есе артты

Биыл Испанияда заңсыз миграция екі есе артты. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі мәлімдеді. Жыл басынан бері Испанияға он төрт мыңнан астам адам заңсыз келген. Тек осы айда «Алжир маршруты» арқылы 800-ге жуық мигрант испан жеріне табан тірепті. 

Камбрильс Берселонадай үлкен қаланың маңында орналасқан отыз мың тұрғыны бар курортты қала. Теңіз жағажайында ұсақ-түйек тауар сатумен айналысатын жүздеген келімсектерді күнделікті кездестіруге болады. Олар заңды түрде жұмысқа тұра алмайды. Сондықтан осылай күн көреді. Бүгінде Испаниядағы заңсыз иммиграция екі есе өсіп, бұл мәселе мемлекеттің бас ауруына айналды.  

Пабло Гонсалес, кәсіпкер:

- Жыл сайын заңсыз келімсектердің саны еселеп артып келеді. Олардың тұрақты жұмысы жоқ, сондықтан ұрлық-қарлықпен айналысады, жергілікті тұрғындарды қажытты. 

Заңсыз жүрген мигранттарға қатысты қоғамда қарама-қайшы пікірталас өте көп. Оппозициялық саясаткерлер билікті заңсыз миграциямен күресті жүйелі жүргізбейді, деп айыптайды. Биыл Испаниядағы заңсыз миграция екі есе артқанын ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Жыл басынан бері Испан жеріне су жолымен және құрлықпен он төрт мыңнан астам адам заңсыз кірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 процентке артық. 

Бабакар Диоп, иммигрант:

- Заңсыз жұмыспен күнелтуге тура келеді, біз босқынбыз. Құжатымыз да жоқ, сондықтан мелициналық сақтандыру да рәсімдей алмаймыз әрі ресми жұмысқа тұру жағы қиын. 

Тек осы айда «Алжир маршруты» арқылы 800-ге жуық келімсек испан жеріне табан тірепті. 13 маусымда Алжир билігі Испаниямен достық және ынтымақтастық келісімін тоқтатқанын хабарлады. Мұндай саяси қақтығыс Батыс Сахара еліне қатысты ресми Мадридтің ұстанымына байланысты туған. Дәл осы келісім аясында Алжир үкіметі Испанияға заңсыз көші-қонды тежеуге сеп болған еді. Енді Испанияға «Алжир маршруты» арқылы заңсыз мигранттар саны арта түсетіні белгілі. Дегенмен, Испания билігі кірмелерге қатысты жаңа реформа әзірлеп жатыр. 

Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач