Қырғызстанда селден шатқалдағы жол қатынасы тұралады

Қырғызстанда селден шатқалдағы жол қатынасы тұралады

Қырғызстанның Боом шатқалында сел жүріп көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғаға қатысты бейнежезба әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша таудан аққан лай-батпақ тасжол бойындағы бірнеше үйді шайып кеткен. Көшкінен жол жабылып, кептеліс пайда болды. Осы елдің Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Бішкектен Ыстықкөлге  апаратын  пойыз тоқтатылды. Жүгізушілерге бұл бағытпен сапар шегу қауіпті.

СІРІҢКЕ ҚОРАБЫНДАЙ БҰРШАҚ ЖАУДЫ 

Мына бейнежазба да Қырғызстаннан жетті. Оны Ыстықкөл маңындағы Тон ауданының тұрғындары түсіріп алған. Онда сіріңке қорабындай бұршақ жауғанын көруге болады. Тіпті төпелеген бұршақ төзімді деп саналатын ондулинмен қапталған үй шатырын тас талқан еткен. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр.