Түркияның курорттық аймағы Мармарис тағы өртке оранды

Түркияның курорттық аймағы Мармарис тағы өртке оранды

Араға бір жыл салып Түркияның курорттық аймағы Мармаристе тағы да өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орманды алқапта басталған қызыл жалын, елді мекендерге дейін жетті. Ішмелер ауданында шыққан тілсіз жау салдарынан бір қонақ үй өртеніп кетті. Адам шығыны жоқ.

Естеріңізде болса, былтыр Ақтеңіз бен Еге аймағында өрт шығып, 8 кісі қаза тапқан еді. Осы жағдайдан кейін жаз маусымында орманды алқапқа тұрғындардың кіруіне тыйым салынды.