Иракта наразылық басылар емес

Иракта наразылық басылар емес

Иракта шерулер басылар емес. Бүгін радикалды көзқарастағы имам Муктада ас-Садр жақтастары Бағдадтағы министрліктер мен дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданға басып кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер «жасыл аймаққа» баратын жолдардағы дуалды құлатып тастады. Акцияға қатысушылар жаңа үкіметтің Иранның қолдауына ие саяси партиялардан құрылуына қарсы. Иракта 9 айдан бері мемлекет және үкімет басшысы тағайындалмай, саяси дағдарыс жалғасып келеді. Оған былтыр қазан айында сайланған парламенттің жаңа үкіметті жасақтай алмауы себеп. Өйткені Муктада ас-Садр жақтастары додада жеңіске жеткенмен, үкіметті құрылымдауға мандаты жетпей өзге партиялармен келісе алмай келеді.