Испанияда тамақ қалдықтары үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін

Испанияда тамақ қалдықтары үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін

Елде келесі жылдан бастап осындай заң енгізу көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сай ысырапшылдыққа жол беріп, тағамдарды далаға тастаған мейрамхана мен сауда орындары айыппұл төлейді. Оның көлемі 2 мыңнан 60 мың еуроға дейін жетуі мүмкін. Заңбұзушылық қайталанса, оның мөлшері 500 мың еуроға дейін жетуі ықтимал. Дүкендер мерзімі аяқталып қалған азық-түлік бағасын түсіріп, оларды қайырымдылыққа беруді ойластыруы тиіс. Тамақтану орындары болса артылып қалған тағамды адамдар иттеріне алып кету үшін тегін ыдыс беруге міндетті.