Ресейлік «Газпром» Латвияға газ тасымалын тоқтатты  

Ресейлік «Газпром» Латвияға газ тасымалын тоқтатты  

Ресейдің «Газпром» компаниясы Латвияға газ тасымалын тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар шілдеде берілген өтінім талабын орындау бойынша заң бұзушылық болғанын алға тартады. Бұдан басқа толық мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Латвия Кремльге «көгілдір отын» үшін ақыны рубльмен төлеуден бас тартқан. Осылайша 2 елдің арасында энергетикалық текетірес басталды. Кейін еуропалық мемлекеттің премьер-министрі Ресей газын мүлде сатып алмайтынын мәлімдеді. Оның ұстанымын қолдаған ел парламенті ресейлік отынды 2023 жылы сатып алуға тыйым салды.