Сербия мен Косово шекарасында қақтығыс

Сербия мен Косово шекарасында қақтығыс

Өзін-өзі жариялаған Косово республикасы Сербияның құжаттарына тыйым салу шешімін бір айға, яғни 1 қыркүйекке дейін кейінге шегерді,- деп хабарлайды BBC.

Кеше екі ел шекарасындағы ахуал ушығып кеткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені Косово өкілдері 1 тамыздан бастап Сербия тарабының құжаттары мойындалмайтынын мәлімдеді. Алайда бұл шешімге мұнда тұратын сербтер наразылық танытқан. 14 жыл бұрын Косово парламенті біржақты тәртіпте Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған еді.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, сол уақыттан бері өзін-өзі жариялаған республиканың солтүстігінде тұратын 50 мыңға жуық серб жергілікті мекемелер берген құжаттарды мойындамай, Сербиялық куәліктерді пайдаланып келген.

Александр Вучич, Сербия президенті:

- Біз бейбітшілікті сақтап қалуымызға тырысуымыз керек. Жұртты арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамын. Косовоның тәуелсіздігін мойындаған елдердің өкілдерінен жағдайдың ушығуына жол бермеуін сұраймын.