5 айда әлемде 250 млн адам шетелге саяхаттаған

5 айда әлемде 250 млн адам шетелге саяхаттаған

Әлемдік туризм пандемияға дейінгі дейгейге жартылай оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл алғашқы бес айда 250 млн адам шетелге саяхаттаған. Бұл ең алдымен шектеу шараларының алынуымен байланысты. Десе де сарапшылар әлемдегі геосаяси ахуал мен инфляция  саланың тез қалпына келуіне кері әсер етіп отырғанын айтады. 2019 жылы әлемде бір жарым миллиард адам шетелге саяхаттаған. Пандемияға дейін туризмнен түскен табыс жаһандық жалпы ішкі өнімнің 7 процентін қамтып келді.