Португалияда аптап ыстықтан орман өрті жиіледі

Португалияда аптап ыстықтан орман өрті жиіледі

Португалия астанасы Лиссабонға жақын жерде орман өртеніп, бірқатар елді-мекеннен адамдар эвакуцияланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Тілсіз жаумен 400-ден аса өрт сөндіруші күресіп, ұшақ пен тікұшақтар тартылды. Португалияның орталығындағы Оурем округінде өткен аптада тұтанған орман да әлі жанып жатыр. Мамандар ауа райының ыстық әрі желді болуынан жалынды сөндіру қиын болып тұрғанын айтады. Португалияда соңғы апталарда 40 градустық ыстық орнаған. Бүгіннен бастап елдің солтүстігіндегі үш ауданда қауіптің жоғары қызыл түсі жарияланды.

АҚШ-ТА ӨРТТЕН 2 МЫҢ АДАМ ЭВаКУАЦИЯЛАНДЫ

АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде де орман өртеніп, Сискию округінде төтенше жағдай жарияланды. Өткен жұма күні тұтанған жалын 160 шаршы шақырым жерге тарап, ондаған үй жанып кетті. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп жатыр. Бірақ мұнда да жел кедергі болып тұр. Апат ауданынан 2 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Мен бұл өңірге бір ай бұрын көшіп келген едім. Үйім өрт шыққан тасжолға жақын жерде. Өрт кешке таман басталды. Көп ұзамай өрт сөндірушілер келіп жылдам кетуді бұйырды. Тіпті киім кешегімді алып үлгермедім. Әйтеуір аман қалғаныма қуаныштымын.