Боливияда шағын көліктер жарысы өтті

Боливияда шағын көліктер жарысы өтті

Боливия астанасы – Ла-Пастада дәстүрлі қолдан жасалған моторсыз шағын көліктер жарысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отбасылар арасында ұйымдастырылатын сайысқа биыл 500-ден аса адам қатысты. Бұл жолы жанұялар ағаш, пластик және темірден жасаған көліктерімен бақ сынады. Ата-аналар қозғалыс құралдарын итеріп жүргізсе балалары оларды басқарып отырды. Сайыста мәре сызығын бірінші болып кескендермен қатар ерекше көлік жасаумен көзге түскендер де марапатталды.

Нестор Веларде, жарысқа қатысушы: 

- Мен бұл сайысқа алғаш рет 1965 жылы қатысқан едім. Биыл сайысқа ұлым екеуміз келдік. Көлігімізді жасауға үш күн кетті. Мен оны құрастырсам, ұлым бояп әрледі.