Англия банкі проценттік мөлшерлемені көтерді

Англия банкі проценттік мөлшерлемені көтерді

Англия банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 50 пунктке көтерді.

Бұған елдегі инфляцияның шарықтауы себеп. Қаржы реттеуіштер алдағы уақытта ақша-несие саясатында қатаң шаралар қабылдануы мүмкін екенін ескертеді.

Сарапшылардың болжауынша, төртінші тоқсанда Корольдік рецессияға ұшырауы ықтимал.

Эндрю Бейли, Англия банкінің басшысы:

- Энергия тасымалдаушылардың қымбаттауынан кіріс одан бетер қысқарды. Салдарынан экономикалық белсенділік Ұлыбританияда ғана емес, күллі Еуропада төмендеп кетті. Ресейдің әрекеті елдегі инфляцияның шарықтауына әкелді.