ЕО ресейлік көмірден бас тартты

ЕО ресейлік көмірден бас тартты

Ресейлік көмірді сатып алуға салынған эмбарго жоспарланғандай, 10 тамызда күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетикалық дағдарысқа қарамастан Еуроодаққа мүше мемлекеттер ережені сақтауы тиіс. Еурокомиссия осындай мәлімдеме жасады. Көмір эмбаргосы Еуроодақтың бесінші санкциялар пакетіне кіреді. Украинадағы шиеленіске байланысты қабылданған құжат биыл сәуірде мақұлданған. Сол уақыттан бері тамызға дейін өтпелі кезең жарияланған. Бұл уақыт аралығында ресейлік шикізатты сатып алуға рұқсат етіліп келді.

Айта кеткен жөн, былтыр Ресейден экспортталған көмірдің 22 проценті Еуроодақ елдеріне жеткізілген. Өткен жылы 49 миллион тонна тасымалданыпты.