Ливан Украина астығын сатып алудан бас тартты

Ливан Украина астығын сатып алудан бас тартты

Бұған тауардың 5 айға кешігіп келуі себеп болды дейді сатып алушы компания. Razoni  кемесіне тиелген Украинаның 26 мың тонна жүгерісі бүгін Триполи портына жетуі керек еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жүк кемесі бағытын өзгертіп, тауарды саудалайтын өзге тұтынушы компанияны іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, кеше Украина портынан тағы екі кеме жолға шықты. Бірі 11 мың тонна сояны Италияға, екіншісі 48 мың тонна жүгеріні Түркияның Искендерун портына тасымалдауы тиіс.