Италияда туризм саласына 250 мың маман керек

Италияның туризм секторында 250 мың маман тапшы. Пандемияға дейін салада бір жарым миллионға жуық адам қызмет еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда шектеу шаралары кесірінен біразы жұмысынан айырылып қалды. Биыл туризм қайта жандана бастады. Бірақ жұмысына оралып жатқан маман аз. Өйткені мұнда екі қолға бір күрек таппай жүргендерге ай сайын 450 еуро төленеді. Бұл орташа жалақының төрттен бірі. Сондықтан жақсы жәрдемақы алған жұрт жұмысқа асықпайды. 

ФРАНЦИЯДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕНДЕП БАРАДЫ

Францияда ДА қонақ үй бизнесі мен қоғамдық тамақтану саласында маман тапшы. Бір қызығы елде жұмыссыздық өршіп тұр. Алайда жергілікті жұрт төмен жалақы алғысы келмейді. Сондықтан кез келген жұмысқа келісе бермейтін көрінеді. Енді билік Тунистен маусымдық мигранттарды тарту арқылы мәселені шешпек. Екі жылдан кейін Франция астанасында жазғы олимпиада ойындары өтеді. Дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алайда ұйымдастырушылар жұмысшылар тапшылығы туындайтынын болжайды. Әсіресе қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен жүргізушілердің жетіспейтін түрі бар.  

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева