Израиль мен Газа секторы арасындағы бақылау-өткізу бекеттері ашылды

Израиль мен Газа секторы арасындағы бақылау-өткізу бекеттері ашылды

Израиль Газа секторымен арадағы бақылау-өткізу бекеттерін қайта ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді осы бекеттер арқылы гуманитарлық жүк қатынайды деп күтілуде. Бұған «Ислам джиһады» қозғалысымен атысты тоқтату туралы келісім себеп болды. Бұл бітімге жуырда Египет арағайындық танытқан еді. Аймақтағы қақтығыс өткен аптаның соңында басталды. Қантөгістен 44 адам қаза тапты. Құрбандардың 15-і бала.