Аргентинада билікке наразылық үдеп барады

Аргентинада билікке наразылық үдеп барады

Ереуілшілерге солшыл партиялар, кәсіподақ пен қоғамдық өкілдері қосылды.

Белсенділердің қазіргі талабы экономика министрімен кездесу. Өте зәру заттардың қымбаттауы халықты қатты ашындырып отыр. Тұрғындар күнкөрістің қиындап, өмір сапасының төмендегенін айтады. Жалпы Аргентинада экономикалық дағдарыстың басталғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Инфляция деңгейі 90 процентке жеткен. Күн өткен сайын кедейлер мен жұмыссыздар қатары көбеюде.

Моника Сулле, қоғамдық ұйымның мүшесі:

-Билік біздің жанайқайымызға мүлде құлақ асып отырған жоқ. Сондықтан экономика министрімен бетпе-бет кездесуді талап етіп отырмыз. Өтірік сөзге тойдық. Елдегі ірі және шағын бизнес құрдымға кеткелі тұр. Мәселелер тез шешілмесе, елде азық-түлік дағдарысы басталуы мүмкін.