Ұлыбританияда аптап ыстықтан өрт қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды

Ұлыбританияда аптап ыстықтан өрт қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды

Өрт шығу қаупі, әсіресе, Англияның орталық, оңтүстік және шығыс аймақтарында жоғары. Метеорологиялық қызмет өкілдерінің айтуынша, қауіп бірнеше күн бойы сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені алдағы демалыс күндері ауа температурасы 40 градусқа жақындайды деген болжам бар. Осыған байланысты мамандар тұрғындарды мейлінше сақ болуға шақырып жатыр. Еуропада орнаған аптап кәрі құрлық елдерінің энергетика жүйесіне де айтарлықтай салмақ салып жатыр. Соның кесірінен электр қуаты күрт қымбаттап кетті. Өйткені тұрғындар жаппай ауа баптағышты қолдана бастаған.