Испанияда желден сахна құлап, бір адам қаза тапты

Испанияда желден сахна құлап, бір адам қаза тапты

Испанияның Валенсия қаласында музыка фестивалі кезінде күшті жел сахнаны құлатып, 1 адам мерт болды.

Сондай-ақ 17 тұрғын жарақат алды.

Дәрігерлердің айтуынша, 3 адамның халі ауыр. Кейін тағы 40 адам медициналық көмекке жүгінген. 15 тамызға дейін жалғасуға тиіс фестиваль қайғылы оқиғаға байланысты тоқтатылды. Ауа райы агенттігі аймақта желдің екпіні сағатына 81 шақырымға жеткенін хабарлады.