Мексикада 167 адам қамауға алынды 

Мексикада 167 адам қамауға алынды 

Мексика билігі елдің батысында ірі операция өткізіп, 167 адамды қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бәрі түрлі қылмыстық топтардың мүшелері. Сондай-ақ 233 қару, 2 граната мен 25 техника тәркіленген. Бұл топтар негізінен есірткі өндіру және тасымалдаумен айналысады. Өз арасында белгілі бір аумаққа ықпал жасау мақсатында жиі қақтығысып отырған. Көбі ұйымдарын «өзін-өзін қорғау» мақсатында құрып, ұзақ жылдар бойы арам пиғылдарын іске асырып келген.