Қытайда соңғы 60 жылдағы ең ыстық жаз орнады

Қытайда соңғы 60 жылдағы ең ыстық жаз орнады

Бұл туралы жергілікті метеоролгтар мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің 19 аймағында температура бағаны 40 градусқа дейін көтерілді. Билік тұрғындарды көшеге беталды шықпауға шақырып әлек. Күн қатты ысыған соң, бірқатар өңірдегі су қоймасының деңгейі төмендеді. Аптап кезінде балмұздақ пен басқа да салқындатқыш сусындардың бағасы 300 пайызға қымбаттады. Климат өзгерісінің салдарын Бейжің тұрғындары да сезініп жатыр.