Ереванда жарылыстан қаза тапқандардың саны артты

Ереванда жарылыстан қаза тапқандардың саны артты

Ереванда базардағы жарылыс орнындағы қиранды астынан тағы 5 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша қаза тапқандар қатары 15-ке жетті. Бұл туралы Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігі өз сайтында хабарлады. Із-түссіз жоғалғандар тізімінде әлі 18 адам бар. Оларды іздеу-құтқару операциясы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, бұл жарылыс кеше болған еді. Қайғылы оқиғаға мерекелік заттар сақталған қоймадағы өрт себеп болған. 60-тан астам тұрғын жарақат алды, оның 12-сі ауруханада.