Канадада қымбатшылық дендеп барады

Канадада қымбатшылық дендеп барады

Канадада инфляция деңгейі өсіп барады. Тамызда өткен аймен салыстырғанда азық-түлік бағасы 9,9 процент өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Статистика мекемесінің мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш соңғы 41 жылда алғаш рет тіркелген. Дағдарысты еңсеру үшін «Ричмонд азық-түлік банкі» тұрғындарға тегін тамақ үлестіретінін жеткізді. Тағам бірінші кезекте әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға, яғни қарттарға, балалар мен елге жаңадан келген мигранттарға берілмек. Бұдан басқа, жанармай мен пәтер жалдау құны да қымбаттаған.

Хажира Хусейн, «Richmond азық-түлік банкінің» атқарушы директоры:

– Жыл басынан бері қызмет көрсету құны 19 процентке көтерілгенін байқап отырмыз. Құр қарап отырмай, инфляцияға қарсы іс-шаралар жасауымыз қажет. Әйтпесе халық қазірден қиналып жатыр.