РФ мүфтиі дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысады

РФ мүфтиі дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысады

Ресей мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Равиль Гайнутдин Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатыспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосу 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Онда пандемиядан кейінгі адамзаттың әлеуметтік дамуындағы дінбасылардың рөлі талқыланады. Аталған іс-шараға қатысу үшін 60-тан аса елден 130 делегация келеді.

Равиль Гайнутдин, РФ мұсылмандар діни басқармасының мүфтиі:

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде саясаткерлер жанжал жүріп жатқан аймақтардағы соғыс пен қантөгісті, қалалар мен үйлерді қиратуды тоқтатуға шақырады. Яғни дінбасылар тек бітімгершілікпен айналысады.