АҚШ-та Майкл Джорданның жейдесі аукционға қойылды

АҚШ-та Майкл Джорданның жейдесі аукционға қойылды

Баскетбол аңызы Майкл Джорданның «Чикаго Буллз» командасында киген жейдесі аукционға қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атақты спортшы бұл киіммен 1998 жылы НБА-ның соңғы ойындарында өнер көрсеткен болатын. Дәл сол жылы баскетболшы финалдың ең үздік ойыншысы атанған еді. Сотбис аукцион үйі өкілдерінің айтуынша, №23 жейде бәссаудада 5 миллион долларға сатылуы мүмкін.