Түркияның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

Түркияның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

Инфляция көрсеткішінің 80 процентке жеткеніне қарамастан билік осындай қадамға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін 7 ай бойы пайыздық мөлшерлеме 14 процентті құраған еді. Алайда елдің қаржылық басқару жүйесінің бұл шешіміне нарық дайын емес болып шықты. Reuterts агенттігінің деректеріне сүйенсек, аталмыш жағдайдан кейін Ыстамбұл биржасы BIST-тің  индексі 0,8 процентке дейін түсіп кетті.

Еске салсақ, шілдеде Түркиядағы инфляция жылдық есептеуде 79,6 процентке дейін өсті. Бұл соңғы 24 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Елде азық-түлікпен қатар, көлік бағасы да шарықтап кетті.