Әлемде мақта бағасы қымбаттады

Әлемде мақта бағасы қымбаттады

Жер бетін жайлаған құрғақшылықтан әлемде мақта бағасы қымбаттап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені судың жоқтығынан мақта алқаптары қараусыз қалып жатыр. Олардың үлесі бүгінде 40 процент болып отыр. Мәселен, биыл дүниежүзі бойынша 5 миллиондай гектар жерге шиті егілсе, соның тек жартысынан ғана өнім алынған. Қазір мақта өндіруден көшбасшы саналатын Үндістанның өзі мақта импорттауға мәжбүр. Дәл осындай қиындық АҚШ пен Бразилияда да байқалады. Bloomberg агенттігінің жазуынша, мұндай жағдай әлем бойынша киім мен қағаздың қымбаттауына әкеледі.