Индонезияда маймыл шешегін жұқтырған бір науқас анықталды

Индонезияда маймыл шешегін жұқтырған бір науқас анықталды

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мохаммад Сиахрил науқастың стационарлық емделуді қажет етпейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ANTARA ұлттық агенттігінің хабарлауынша, Джакартада тұратын 24 жастағы жігіт ауырып қалған.

Науқастың жақында шетелге барғаны және дененің кейбір бөліктерінде қызба және бөртпе сияқты белгілерді байқағаны белгілі. Сонымен қатар науқаста көкбауыр ұлғайған.

«Бүгін бізде маймыл шешегінің ресми расталған алғашқы жағдайы тіркелді. Бетінде, алақанында, аяқтарында және жыныс мүшелерінің айналасында бөртпелер бар. Соған қарамастан жағдайы жақсы», – деді Мохаммад Сиахрил.