Иракта топырақ көшкіні жүріп, 5 адам көз жұмды

Иракта топырақ көшкіні жүріп, 5 адам көз жұмды

Марқұмдар арасында бір бала бар. Оқыс оқиға КербелА провинциясында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда мұсылман-шиіттер көп жиналатын Әли имамның қасиетті орны орналасқан. Топырақ көшкіні дәл осы жерде жүрген. Мамандар 6 адамды үйінділер астынан алып шыққан. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қасиетті орын төңірегіндегі топырақ беті дымқылданып кеткен. Оқиғаға осы жайт себеп болса керек.