Ресейді өрт шалды

Ресейді өрт шалды

Алапат орман өрті елді мекендерге жақындап, адамдарға қауіп төндіріп тұр. Рязань  облысындағы екі бірдей елді мекеннің тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Ольгино ауылы түгел эвакуацияланса, Деулино тұрғындары ішінара көшірілді. Қызыл жалынды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Рязань өңірінде төтенше жағдай режимі жарияланды.