Запорожьедегі атом электр станциясы төңірегіндегі ахуал ушығып барады

Запорожьедегі атом электр станциясы төңірегіндегі ахуал ушығып барады

Ресей өкілдері нысан Украина әскері тарапынан тағы да атқыланғанын хабарлайды. Әзірге Киев оған қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы саналатын Запорожьедегі қондырғы наурызда Ресей әскерінің бақылауына өткен. Кейінгі уақытта Мәскеу мен Киев бұл нысанға жасалған шабуылдар үшін бірін-бірі айыптап келеді. Бірер күн бұрын атом электр станциясы төңірегіндеі ахуалды талқылау үшін Украинаға БҰҰ-ның бас хатшысы келген еді. Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілдері жоғары лауазымды тұлғаның сапары кезінде украиналықтар қасақана арандату әрекетін ұйымдастыратынын ескерткен. Станция орналасқан Энергодар қаласына радиациядан қорғану үшін калий йодидінің 25 мың таблеткасы жеткізілген. Шаһар басшысы бұл сақтық ретінде жасалып отырған шара екенін түсіндірді.

Айтуынша, әзірге төңіректегі радиациялық көрсеткіштер қалыпты межеден аспаған.