Қытайда аптап ыстыққа байланысты дабылдың қызыл деңгейі жарияланды

Қытайда аптап ыстыққа байланысты дабылдың қызыл деңгейі жарияланды

Шэньси, Чжэцзян, Фуцзянь, Сычуань провинцияларында термометр бағаны 39 градусқа жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей өңірлерде ауа температурасы 40 градустан да жоғары. Егістік алқаптары күйіп барады. Тұрғындар да тұрмысқа қажетті судан тарығып отыр. Қауіптің алдын алу үшін Хубэй провинциясының билігі шалғайдағы елді мекендерге өрт сөндіру көліктерін жібере бастады. Мамандар су тасып, қаңсып тұрған жерлерді суаруға көшкен. Синоптиктер аймақтағы аптап ыстықтың беті тамыздың аяғына қарай қайтатынын айтты.