Жапония премьер-министрі ковид жұқтырды

Жапония премьер-министрі ковид жұқтырды

Жапонияның премьер-министріне шетелге жоспарлаған сапарларынан бас тартуға тура келді. Өйткені ол коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фумио Кисида бір апта еңбек демалысында болған. Бүгін жұмысқа шығу керек еді. Алайда дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болған. Сөйтіп тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіпті. Дәрігерлер саясаткерде ауру жеңіл формада өтіп жатқанын хабарлайды. Ол жақында Тунисте өтетін халықаралық конференцияға баруды жоспарлаған. Алайда енді шараға онлайн қатысады. Сондай-ақ Таяу Шығысқа сапары да кейінгі қалатын болды.   

Хирокадзу Мацуно, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:

-Премьер-министр 15-ші тамыздан бері демалыста болған. Вирусты қайдан жұқтырғаны белгісіз. Қазір ол резиденциясында емделіп жатыр. КисИда мырза талап бойынша оқшауда болуы тиіс. Сол себепті жұмысқа тек 31-ші тамыза ғана кірісе алады.