Еуропада газ бағасы 2900 долардан асып кетті

Еуропада газ бағасы 2900 долардан асып кетті

Наурыз айынан бері алғаш рет Еуропада бір мың текше метр газдың бағасы 2900 доллардан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көгілдір отынның қымбаттауына «Солтүстік ағын» құбырында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабар әсер етті. «Газпром» компаниясының өкілдері бұл жоспарлы жөндеу екенін мәлімдегенмен, еуропалық саясаткерлердің көбісі бұл саяси тұрғыдан қабылданған шешім деп санайды.