АҚШ-тың Атланта қаласында атыстан 2 адам қаза тапты

АҚШ-тың Атланта қаласында атыстан 2 адам қаза тапты

АҚШ-тың Атланта қаласында атыс болды. Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алған.

Оқ атқан әйел оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда полицейлер кейіннен оны халықаралық әуежайда қолға түсірген. Тексеру кезінде одан оқ атқан тапанша да табылды. Шабуылға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Айта кеткен жөн, биыл АҚШ-та жаппай атыстың 400-ге жуық дерегі тіркелген. Қанды оқиғалардың жиілеп кетуіне байланысты биыл маусымда ұзаққа созылған талқылаулардан кейін қару айналымын бақылау туралы заң қабылданды.