Канада Еуропаға газ экспорттауды қарастыруда

Канада Еуропаға газ экспорттауды қарастыруда

Канада Еуропаға сұйытылған табиғи газды тікелей экспорттау мәселесін қарастырып жатыр. Мемлекет мұның экономикалық жағынан тиімді екеніне көз жеткізуі тиіс. Өйткені инфрақұрылымға жеткілікті көлемде инвестиция тартылмаған. Сондай-ақ логистика жағынан да біраз қиындық бар. Тиісті мәлімдеме Канада премьер-министрі мен Германияның канцлері арасында өткен кездесуден кейін жасалды. 

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

- Біз энергия тасымалдаушыларды әлемдік нарыққа жеткізуге өз үлесімізді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазір мамандарымыз сұйытылған табиғи газды Еуропаға тікелай экспорттау мәселесін қарастырып жатыр. Германияда көгілдір отынға қатысты қиындықтар туындағанын білеміз. Қазір екі жақтың министрлері, компаниялары мен кәсіпорындары тікелей экспорттың тиімділігін зерттеп жатыр.

Газ бағасы шарықтап кетті 

Украинадағы шиеленіске дейін Германия газдың 55 процентін Ресейден жеткізіп отырған. Маусымның басында ол көрсеткіш 35 процентке дейін төмендеді. Өйткені Кремль биыл "Солтүстік ағын" құбыры бойынша көгілдір отын экспортын қысқартты. Газпром келесі аптада жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін осы құбыр арқылы шикізат беруді уақытша тоқтатанын мәлімдеді. Бұл жаңалыққа байланысты шикізат бағасы шарықтап кеткен. Еуропада газдың бір текше метрінің құны наурыздан бері алғаш рет 3 мың доллардан асып кетті.