АҚШ Иранның айыптауларын теріске шығарды

Вашингтон Иранның "АҚШ 2015 жылғы ядролық келісімге оралуды кешіктіріп отыр" деп айыптауын жоққа шығарды.

Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Нед Прайс мәлімдеді. Оның айтуынша, келісімді қайта жалғыстыруға Тегеранның өзі ықылас танытпай отыр. Мысалы, көктемде АҚШ 2015 жылғы құжатты қайта талқылауға дайын екенін айтқанда Иран оны қолдауға ниет танытпаған.

Еске сала кетейік, АҚШ бастаған 6 мемлекет Иранмен ядролық келісімге 2015 жылы қол қойған болатын. Алайда билікке Дональд Трамп келген соң АҚШ одан бас тартқан еді.

Нед Прайс, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі:

- АҚШ ядролық келіссөзді созып, кейінге шегеріп келеді деген шындыққа жанаспайды. Биыл наурызда бірнеше айға созылған келіссөзден кейін біз "Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-әрекеттер жоспарына" қайта оралуға дайын екенімізді білдіргенде Иран оны қолдауға ниет танытпаған болатын.