Израильдік ғалымдар жасарудың жаңа әдісін ойлап тапты

Израильдік ғалымдар жасарудың жаңа әдісін ойлап тапты

Бұл зерттеулер 30 жыл бойы жүргізілді. Хайфадағы Рамбам клиникалық университеті және Технион университетінің ғалымдары тышқандарға тәжірибе жүргізіп, терісін ауыстырып көріпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бұл бастаманың регенерация мен теріні жасарту тетігі бола алатынын ойламаса керек. 

Амос Гильхар, жоба басқарушысы:

Зерттеуіміздің басында қартаюды тоқтатудың жолын іздедік. Осыдан 30 жыл бұрын жас тышқанға кәрі тышққаның терісін ендірдік. Трансплантты қабылдасын деп ауыр иммунодефициті бар теріні алдық. Тері жасара бастағанын көріп таң қалдық. Өзін-өзі қалпына келтіре бастады, дақтары жоғалып кетті.

Осынан кейін ғалымдар терінің түпкі қабаттарында не болғанын зерделеп, не себепті оның жасара бастағанын түсінгісі келеді. Нәтижесінде қартаюды кері айналдыратын Гросс-фактор анықталды.

Амос Гильхар, жоба басқарушысы:

Сол кезеңде бізге тышқандар қажет пе деген сұрақ қойдық. Неге адам терісін қолданбаймыз? Солай кәрі адамның терісін алып, гросс-факторды қостық. Нәтижесінде қартаюы тоқтап қана қоймай, кері айналғанын көрдік.

Зерттеушілер жасушалардың жасару механизмін молекулалық деңгейде талдады. Профессор Гильхар мен әріптестерінің еңбегі гросс-фактор адам ағзасының түрлі органдары мен жасушаларында регенерация механизмін іске қосатынын көрсетті. Шын мәнінде бұл - жаңа қан тамырларының пайда болуын реттейтін ақуыз. Енді осы гросс-фактор негізінде дәрі жасауға боалады. Бірақ осындай керемет препаратты шығару үшін әлі де уақыт қажет.

Амос Гильхар, жоба басқарушысы:

Біз регенарцияның гендік механизмін қосатын әрі жанама әсер бермейтін агенттерді анықтауымыз керек. Бұл әрі қарай препарат жасау үшін қажет. 

 

Жасушаларды регенерациялау кезінде жаңа қан тамырларының көбеюінің жанама әсері онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Сондықтан адамға зиянсыз дәрі шығару үшін ғалымдарға бірнеше жыл қажет болуы мүмкін. Бұл адам баласы мәңгі өмір сүреді немесе әркез жас болады деген сөз емес.. Бірақ  егде жаста қалжырамай, қаусамай тіршілік кешуіне үміт береді.

Авторы: Сергей Ауслендер