Венесуэла мемлекеттік қызметкерлер шеруге шықты

Венесуэла мемлекеттік қызметкерлер шеруге шықты

Венесуэлада мемлекеттік қызметкерлер наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияға қатысушылар үкіметтен өтемақы төлеп, кірісті азайтуға әкелген заңдардың күшін жоюды талап етіп жатыр. Шеруге зейнеткерлер мен студенттер де қосылды. Қарттар зейнеатқы көлемін арттыруды, ал студенттер мұғалімдердің жалақысы мен шәкіртақыны өсіруді талап етті. Венесуэлада жылдық инфляция 137 процентке дейін жетіп, дағдарыстан көз ашпай келе жатқан елдегі жағдайды тіпті нашарлатқан. Бағалардың өсуі, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына кері әсер еткен.  

Хосе Перес, шеруші:

– Конгресстің кей өкілдері біз жалақымызды 500-600 боливарға дейін заңсыз көтеруді талап етіп жатыр деп айыптап отыр. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Себебі жалақымызды көтеруден еш пайда жоқ. Сондықтан біз тек Ұлттық бюджеттік ұйымды таратуды сұраймыз.