Еуропа 500 жыл болмаған қуаңшылыққа ұшыраған

Еуропа 500 жыл болмаған қуаңшылыққа ұшыраған

Еуропаның үштен екі бөлігі биыл соңғы 500 жылда болмаған қуаңшылыққа ұрынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрі құрлықтың 17 проценті түгелдей құрғап кету алдында тұр. Бұл туралы Еурокомиссияның бірлескен зерттеу орталығы өзінің баяндамасында жариялады. Мәліметке қарағанда, аптап ыстықтан құрлықтағы барлық өзендердің сулары азая түскен. Салдарынан Еуроодақтың сумен қамтамасыз ету жүйесінде қиындық туындаған. Мамандар биыл қуаңшылықтан егістік шығыны 5 жыл бұрынғыдан 15 проценттен төмен болады деп отыр.