Түркияның Сириядағы операциялары қарқынды жүріп жатыр

Түркияның Сириядағы операциялары қарқынды жүріп жатыр

Болашақта да жалғасын табады. Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, алдағы уақытта әскери әрекет, уақыты келгенде жүзеге аспақ.  Бұған қажет барлық дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр.

Хулуси Акар, Түркияның Қорғаныс министрі:

-     Еліміз бен шекарамыздың қауіпсіздігі үшін халықаралық құқық және өзін-өзі қорғау тұрғысынан әскери операция жасау Түркияның құқығы. Бұл тұрғыда не қажет болса, соны жасадық және болашақта да жалғастырамыз. Еліміздің құқығы мен мүддесін қорғауды табанды түрде жалғастырамыз. Біздің бір ғана мақсатымыз - лаңкестік ұйымдарды тізе бүктіру.

Ал, елде Сириялық босқындарға түрік азаматтығының берілуіне қатысты дау шықты. Оппозициялық «Жеңіс» париясы, үкіметті айыптап қазірге дейін 1,4 миллионнан астам Сириялыққа азаматтық берілгенін алға тартты.

Үмит Өздағ, «Жеңіс» партиясының төрағасы:

-     22 шілде 2022 жылынан дейін 1,4 миллион Сириялық түрік азаматтығын алды. Сондай-ақ, 64 мың 540 Ирак, 37 мың 813 ауған, 56 мың 585 Иран, 13 мың 327 Пәкістандыққа да Түркия Республикасының азаматтығы берілген.

Дегенмен Ішкі істер министрінің сөзінше, елдегі 211 мың Сириялыққа түрік азаматтығы берілген. Оның 120 мыңы ғана келер жылы өтетін сайлауға қатыса алады. Айта кетейік, Түркия босқындарға пана болған елдердің көшін бастап тұр. Ресми мәлімет бойынша Анадолы жерінде бүгінде 3,7 миллион Сириялық босқын өмір сүріп жатыр.

Авторы: Меруерт Канагат