Лачин дәлізін енді Әзербайжан бақылайды

Лачин дәлізін енді Әзербайжан бақылайды

Осы уақытқа дейін бұл аймақты ресейлік бітімгерлер күзетіп келген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, 2020 жылы Әзербайжан, Армения және Ресей басшыларының Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы келісімге келген еді. Ол бойынша армян жағы Таулы Қарабақтың айтарлықтай аумағынан айырылып, бұрын басып алған аудандарды қайтарды. Ал 2 мыңдай Ресей сарбазы екі жақтың түйісетін линияларында және Қарабақты Армениямен байланыстыратын Лачин дәлізін бақылайтын болды.

Айта кетейін, Лачин – Таулы Қарабақты Армениямен байланыстыратын стратегиялық маңызы бар орын.