Тайвань бұғазында ахуал қалай?

Тайвань бұғазында ахуал қалай?

Қытайдың ескертуіне қарамастан, АҚШ-тың екі әскери кемесі Тайвань бұғазына кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкалықтар қос крейсер ашық теңіздегі су арқылы транзитпен өткенін айтады. Яғни кеме қатынасының еркіндігіне қатысты халықаралық құқық бұзылмаған. Соңғы мәлімет бойынша Қытай әскері жауынгерлік дайындық жағдайына көшірілген. Бұған дейін Бейжіңнің ескертуіне қарамастан тамыздың басында АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Тайваньға барған еді. Нэнси Пелосидің бұл сапары Тайвань бұғазындағы жағдайды ушықтырып жіберді. Өйткені «бір Қытай» қағидасын ұстанатын Бейжің бұл әрекетті ішкі істерге араласу деп бағалап, бұл егемендігіне нұқсан келтіретінін айтқан. Артынша Тайвань жағалауында әскери оқу-жаттығулар өткізген.