Қаратеңіз арқылы бір млн тонна астық экспортталды

Қаратеңіз арқылы бір млн тонна астық экспортталды

1 тамыздан бері Қаратеңіз астық дәлізі арқылы Украина порттарынан 1 миллион тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі осындай. Олардың айтуынша, астық тасымалы жылдам, қауіпсіз және жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Ведомство басшысының айтуынша, Ресейдің ауылшаруашылық өнімдері мен тыңайтқыштарын теңіз жолы арқылы тасымалын БҰҰ-мен талқылап жатқанын айтып, түрік тарапының энергетика секторын кеңейтуді қолдайтынын атап өтті. Бұдан бөлек, Одесса, Чорноморск және Южныйды түрік аумақтық суларындағы инспекция аймақтарына қосатын ұзындығы 320 миль болатын жаңа бағыт іске қосылды.

Еске салсақ, Украинадағы жағдайға байланысты елде 20 млн тонна астық кемежайларда жиналып қалған болатын. 22 шілдеде Украина, Ресей, БҰҰ мен Түркия өкілдерінің қатысуымен Украина порттарындағы астықты батыс елдеріне жеткізу бойынша келісім жасалып, Ыстамбұлда бірлескен үйлестіру орталығы құрылған.

Хулуси Акар, Түркияның ұлттық қорғаныс министрі:

– Украина астығын жеткізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Біз ауылшаруашылық өнімдерін тез және қауіпсіз тасымалдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.