Диана ханшайымның автокөлігі аукционда сатылды

Ханшайым Диана мінген Форд автомобилі аукционда 851 мың долларға сатылды.

Марқұм оған 1985-1988 жылдар аралығында иелік еткен. Негізі Форд Эскорт моделі ақшыл түсте шығарылатын. Алайда ханшайымның сұрауы бойынша ол қара түске боялған. Бұл оның қауіпсіздігі үшін жасалған. Британдық ханзада Чарльздың әйелі - ханшайым Диана Парижде жол апатынан қайтыс болды. Биыл 31 тамызда оның көз жұмғанына 25 жыл болады.