Brexit-тен кейінгі былық: Еуроодақ Британияны айыптады

Еуропалық парламент Ұлыбритания үкіметін лас суды Ла-Манш арнасына және Солтүстік теңізге ағызып жатыр деп айыптады.

Осылайша теңіз жәндіктері мен балық шаруашылығына үлкен нұқсан келуде. Француз депутаттардың айтуынша, Британия Еуроодақ құрамынан шыққаннан кейін экологиялық стандарттарға салғырт қарайтын болған.

Еуроаймақтағы Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметі бойынша соңғы 5 жылда лас суды ағызу көлемі 30 есеге артқан. Британия бұл кемшілікті жоюға шаралар қабылдап әлек, бірінші кезекте экология ережелерін бұзғандарға айыппұл салу көзделіп отыр.