Үндістанда Нью-Дели маңында заңсыз салынған екі мұнара бұзылды

Үндістанда Нью-Дели маңында заңсыз салынған екі мұнара бұзылды

Үндістанда Нью-Дели маңында заңсыз салынған «Апекс» және «Сеян» атты 32 қабаттық екі биік мұнара  бұзылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, бұл ел тарихында алғаш рет қиратылған ең биік тұрғын үй кешендері болып есептеледі. Ғимаратарға әлі ешкім қоныстанбаған екен.

Мұнараларды бұзуға 3 700 келі жарылғыш зат жұмсалды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, нысандар сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде бой көтергені анықталған. Ұзақ жылдарға созылған сот ақыры мұнараларды бұзуға шешім қабылдапты. Жарылыстан кейін оқиға орнында 80 мың тоннаға жуық қоқыс қалды. Олар қайта өңдеуге жіберіледі.