Индонезияда 6,4 балдық зілзала тіркелді

Индонезияда 6,4 балдық зілзала тіркелді

Индонезияның Суматра аралында 6,4 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан қауіп төнген өңірлерден оқушылар мен тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүмпу ошағы Ментавай аралына жақын маңда, тереңдігі 10 шақырымда  тіркелді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Айта кетейік, Индозения әлем бойынша сейсмикалық тұрақсыз елдер қатарында жатады.  Мұнда  жылына 7 мыңға дейін дүмпу тіркеледі екен.