Чилиде оқушылар бас көтерді 

Чилиде оқушылар бас көтерді 

Чили астанасы Сантьягода оқушылар бас көтерді. Олардың наразылығы полициямен қақтығысқа ұласқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Топты тарату үшін тәртіп сақшылары ағыны қатты мұздай су шашты. Ереуілшілер де қарап қалмай, тас лақтырған. Бірнеше белсенді қамауға алынды. Оқушылар мектепте білім алуға лайықты жағдай жасауды, қоғамдық көлікпен тегін жүруді және жоғары оқу орындарына түсуге кедергі келтіретін жемқорлықты түбірімен жоюды талап еткен. Бұл оқушылардың бірінші шеруі емес. Олар осыдан 4 күн бұрын да наразылық білдірген болатын.